30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

Шығыста қар жауады

"Қазгидромет" РМК мамандарының болжауынша, 30 қыркүйек күні еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста көктайғақ болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік антициклонның әсерінен елдің солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

Атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР батысында жаңбыр, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығысында қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік- шығыстан жел соғады, түнде күші 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Ауаның температурасы түнде -6...-8°С, күндіз +3...+5°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауаның температурасы түнде +8...+10°С, күндіз +15...+17°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +8...+10°С, күндіз +23...+25°С болады.