Тимофей Скатов Лиссабондағы турнирдің ширек финалына шықты

Тимофей Скатов Лиссабондағы турнирдің ширек финалына шықты
Сурет: Ашық дереккөзі

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Португалияның Лиссабон қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Екінші раундта Скатов Италиядан Франческо Пассароға қарсы ойнады. Ойын 6:1, 5:7, 6:1 есебімен Скатовтың пайдасына аяқталды. Келесі айналымда қазақстандық Франциядан келген Бенуа Пэрмен ойнайды», - деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.