Үш мыңнан астам қазақстандық құтқарушы Жаңа жыл түні кезекшілікте болады

Үш мыңнан астам қазақстандық құтқарушы Жаңа жыл түні кезекшілікте болады
Сурет: Inbusiness.kz

Үш мыңнан астам құтқарушы Жаңа жыл түні кезекшілікке шығады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«ТЖМ бөлімшелері жаңажылдық мереке күндері қызмет өткерудің күшейтілген түріне ауыстырылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, Төтенше жағдайлар министрлігінің бүкіл құтқару корпусы күшейтілген режимде дайындықта тұр. Оның ішінде 3 мыңнан астамы жедел ден қоюға әзірлікке келтіріліп, қызмет атқаруда. Бұл – өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының өрт сөндірушілері, жедел-құтқару жасақтарының құтқарушылары, ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, құтқару авиациясының ұшу құрамы, сейсмологтар, психологиялық қызметтердің өкілдері, диспетчерлік қызметтердің жедел кезекшілері.

Сонымен қатар шамамен 1 200 бірлік құтқару техникасы жедел ден қоюға дайындықта тұр.

«ТЖМ азаматтарды жаңа жылдық мереке күндері қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. Қажет болған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», - деді министрліктен.