27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

"Қазгидромет" синоптиктері 27 желтоқсан, сейсенбіге, арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың әсерінен елдің оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Еліміздің қиыр солтүстігінде аздаған қар жауады.

Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі, елдің оңтүстігі мен шығысында жел күшейеді.