№256 учаскесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған

№256 учаскесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған
almaty-akshamy.kz

Алматыдағы №256 сайлау учаскесінде 2709 сайлаушы тіркелген. Бұл сайлау округі де жұмысын таңғы сағат 07.00-де Әнұранымызбен бастады. Ең алғаш болып дауыс берген алматылықтың да аты-жөні белгілі, Ол — Шихотов Владимир Семенович. Алматылық Мира Қаспақпова да алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.

— Бұл — үлкен жауапкершілік. Бақуатты өмір, жаңа Қазақстанның гүлденуі үшін дауысымды бердім. Кешке дейін әлі уақыт көп, сондықтан дауыс беруден қалыс қалмайық. Бәрі өз қолымызда,  — дейді ол.

№256 сайлау комиссиясының төрағасы Сәбит Жетпісбаев сайлау округінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға жеке кабина және көзі көрмейтін, құлағы естімейтін жандарға өз алдына компьютер қойылғанын атап өтті. Оның болжауынша, халықтың белсенділігі сағат 10.00-11.00-ге қарай арта түседі.