25 наурызда ауа райы қандай болады?

25 наурызда ауа райы қандай болады?
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Синоптиктер 25 наурызда ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты.

Қазгидромет синоптиктері 25 наурыз, сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Қазақстанның барлық аумағында антициклонның әсерінен ашық ауа райы сақталады.

Тек республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронттардың арқасында тұрақсыз ауа райы қалыптасады.

Аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша тұман сақталады, жел күшейеді.