Тбилисидегі «Үлкен дулыға» турнирінде қазақстандық дзюдошы «қола» жеңіп алды

Тбилисидегі «Үлкен дулыға» турнирінде қазақстандық дзюдошы «қола» жеңіп алды
Сурет: Ашық дереккөз

Бұл - Қазақстанның ерлер арасындағы рейтингтік турнирде алған алғашқы медалі

Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан «Үлкен дулыға» сериясының халықаралық турнирінде үшінші орын үшін белдесуде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

60 келі салмақ дәрежесіндегі белдесуде ол тағы бір қазақстандық 26 жастағы Қанат Сейілханмен кездесті.

Бұл - Қазақстанның ерлер арасындағы рейтингтік турнирде алған алғашқы медалі.

Еске салайық, қола жүлдегер А тобындағы финалдық белдесуде турнирді ұйымдастырушы елдің спортшысы Гиорги Сардалашвилиден жеңілсе, Сейілхан финалға шығу үшін белдесуде Әзірбайжан спортшысы Тұран Байрамовтан ұтылып қалды.