2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді – Президент

2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді – Президент
Сурет: Nalogikz.kz

Салықтық әкімшілік толық қайта жаңаруы тиіс.

2023 жылы Қазақстанда жаңа Салық кодексі әзірленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Жолдауын жариялаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Үшіншіден, орнықты экономикалық өсім - түсінікті, болжамды салық саясатына тікелей тәуелді. Фискалды реттеуді қайта жүргізу мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді. Оның ауқымды бөлігі – салықтық әкімшілік толық қайта жаңаруы тиіс», - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы салықтық бақылауға кез келген сырттай әрекеттестіктерді тыю қажеттігін атап өтіп, осы бағыттың толық цифрландыруын қамтамасыз ету керектігін айтты.