200-250 мың теңгеден аспайтын бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын-Президент

200-250 мың теңгеден аспайтын бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын-Президент
kolesa.kz

Мемелекет басшысы 1 қыркүйекке дейін елге кіргізілген автокөліктерге қатысты мәлімдеме жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында Қазақстанға заңсыз кіргізілген көліктерді тіркеу үшін біржолғы шешім жасауды ұсынды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Президенттің айтуынша, елген автокөлікті заңсыз кіргізетін арналарды жабу үшін тиісті шараларды қабылдау керек.

«Сонымен қатар, биылғы 1 қыркүйекке дейін кіргізілген осындай автокөліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет. Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын сомада кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын. Бұл шаралар іздеуде тұрмаған және кедендік «тазартудан» өткен автомобильдерге қатысты болуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.