Бүгін – Шекарашылар күні

Бүгін –  Шекарашылар күні
Сурет: ашық дереккөз

1992 жылдың 18 тамызында «Шекара әскерлерін құру туралы» Президент Жарлығына қол қойылды.

Алайда айтулы күн Қазақстанның мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне 2012 жылғы 29 тамызда ғана енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Шекарашылар мемлекеттік шекараны кірпік қақпай күзетіп, қорғайды. Шекарада болған кез келген күмәнді оқиғаны қалт жібермей, шекара режимін бақылайды. Олардың міндеттеріне адамдарды мемлекеттік шекара арқылы өткізу, өткізу бекеттеріндегі тәртіпті бақылау, шекара шебіндегі мекемелерді қорғау, мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету сияқты істер кіреді.

Мемлекеттік шекараны қорғау шаралары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті органдардың өз құзыреті шегінде қабылдаған саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, шекаралық, әскери және өзге де шешімдері аясында іске асырылады. Елдің шетінде, желдің өтінде жүрген сарбаздардың қырағы болып, жауапты қызмет атқаруы бүкіл елдегі тыныштықтың кепілі болып келеді.