17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 17 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік - шығысында бұрқасын соғып, қар жауады.

Сонай-ақ, түнде Алматы, Маңғыстау облыстарында қалың қар жауады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, оңтүстік-батысында көктайғақ болады.