16 көшенің жарықтандыру тіректерінде энергия үнемдейтін LED шамдары орнатылды

16 көшенің жарықтандыру тіректерінде энергия үнемдейтін LED шамдары орнатылды
Сурет: ашық дереккөз

Аудан тұрғындарды толғандыратын мәселелердің бірі көшелерді сыртқы жарықтандыру болып қала береді. Бұл жайында Алматы қаласының әкімі Е.Досаевтың Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Жарықтандыру желілеріне қызмет көрсету бойынша өкілеттіктер 2023 жылдың күзінен бастап аудандық әкімдіктерге берілді. Өткен жылдың қазан айында аудан әкімдігі «Алматы Қала Жарық» компаниясымен шарт жасасқан.

2023 жылдың қараша-желтоқсан айларында жөндеу бригадаларымен 520 өтінім пысықталып, 872 шам ауыстырылды, сондай-ақ 16 көшенің жарықтандыру тіректерінде энергия үнемдейтін LED шамдары орнатылды. Жалпы, 2024 жылдың соңына дейін аудан бойынша көше жарығын 85% - ға дейін қалпына келтіру жоспарлануда. 2025 жылы 100% - ға дейін жеткізіп, барлық көшелерді жарықтандыру жоспарлануда, деді қала әкімі Е.Досаев.