Жастар арасында IQ көрсеткіштері күрт төмендеген

Жастар арасында IQ көрсеткіштері күрт төмендеген
Сурет: Blog.maximumtest.ru

 Жастардың ойлау қабілеті жақсы болғанымен, нақты шешім қабылдау, сөйлеу секілді дағдылары нашарлай түскен - зерттеушілер. 

Психологтар онлайн тестілеу арқылы АҚШ-тағы IQ көрсеткіштері бір ғасырға жуық уақыт ішінде алғаш рет төмендегенін анықтаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Intelligence журналында жарияланған мақалада Элизабет Дворак, Уильям Ревелл мен Дэвид Кондон 2006-2018 жылдар аралығында еріктілер өткізген IQ онлайн тестілерінің нәтижелерін талдап жазды.

Соңғы бірнеше жылда зерттеулер көптеген Еуропа елдерінде IQ көрсеткіштерінің төмендегенін көрсетті.

Бұл жұмыста зерттеушілер тұлғалық бағалау жобасына қатысқандардың онлайн IQ сынақтарының нәтижелерін зерттеді. Олар жынысына қарамастан барлық жас топтарында IQ көрсеткіштері төмендегенін анықтады.