Қазақстандық спортшы Польшада өткен триатлоннан Еуропа кубогын жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Польшада өткен триатлоннан Еуропа кубогын жеңіп алды
Cурет: Olympic.kz

Жарысқа әлемнің 10 елінен 45 спортшы қатысты

Жеңімпаз 5 шақырымға жүгіруде, жүзу және веложарыстан кейін анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Польшаның Жешув қаласында триатлоннан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы өтті. Жарысқа әлемнің 10 елінен 45 спортшы қатысты. Олардың арасында біздің үш атлет бар: Александр Тен, Егор Крупяков және Данил Породнов.

Мәреге бірінші болып қазақстандық Александр Тен келіп, 00:59:51 уақытын көрсетті. Егор Крупяков – 14-орынға (01:02:05), Данил Породнов 16 орынға (01:02:26) ие болды.