Диетолог адамның түнде кенеттен оянуының себебін атады

Диетолог адамның түнде кенеттен оянуының себебін атады
Сурет: Express-novosti.ru

Ұйқы кезіндегі мазасыздық денсаулықтың сыр беруінен болуы мүмкін.

Егер адам түнде жиі әрі тез оянатын болса, оған денсаулығын тексерту үшін дәрігерге қаралған артық болмайды. Диетолог Яна Прудникованың айтуына қарағанда, ұйықтау барысындағы мұндай құбылыс бірқатар аурулардың белгісі болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РЕН-тв сайтына сілтеме жасап. 

Мазасыздық, күйзеліс және басқа психологиялық немесе психикалық проблемалардан басқа, кенеттен оянудың себебі ішкі ағзалардың ауруларымен байланысты физиологиялық бұзылыс болуы мүмкін. Мысалы, бүйрек үсті безінің, ұйқы безінің немесе бауырдың кейбір ауруларында.

"Егер адам түнде көз іле алмаса және қатты тамақ жегісі келсе, бұл адреналиннің қанға белсенді бөлінуін білдіреді. Бұл тіпті субклиникалық бүйрек үсті дисфункция болуы ықтимал. Дәретханаға бару үшін немесе тоңазытқышқа қарай асығып, оянып алатын болсаңыз, бұл дәрігерге бару керек деген бірінші белгілер. Кем дегенде қант мөлшерін тексерту керек. Одан бөлек, ұйқы безі мен бауырдың биохимиясын тексертіп, кортизол мөлшерін анықтау қажет", - деді Яна Прудникова Sputnik радиосына берген сұхбатында.