1,5 млрд теңге шығын келтірген: ҚТЖ басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

1,5 млрд теңге шығын келтірген: ҚТЖ басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды
Сурет: ашық дереккөз

Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді

«Қазақстан темір жолы» АҚ орталық аппаратының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kzAzattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық іс кәсіпкерлікке кедергі келтіру дерегі бойынша қозғалған.

«Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен Бас көлік прокуратурасы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша «ҚТЖ» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Арызға сәйкес келтірілген алдын ала залал 1,5 млрд теңгеден астам сома ретінде көрсетілді», - делінген ведомство хабарламасында.

Тергеу процесі прокурорлары тобының басшылығымен жүргізіліп жатыр.