15-16 шілдеде Алматыда «демалыс күндеріндегі» ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді

15-16 шілдеде Алматыда «демалыс күндеріндегі» ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді
Сурет: Qazaqstan.tv

Алдағы демалыс күндері сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматыда Алматы облысының жақын маңдағы аудандарының (Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ) шаруа қожалықтарының, сондай-ақ Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындарының қатысуымен «демалыс күндеріндегі» ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ассортиментте 50-ден астам өнім атауы бар (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, жемістер, ұн, жарма, өсімдік және жануарлар майлары және т.б.). Барлығы 300 тоннадан астам өнімдер қойылады.

«Демалыс күндеріндегі» жәрмеңкелер апта сайын өтеді. Жыл басынан бері Алматы қаласында 296 жәрмеңке өткізілді. Өнімнің бағасы орташа нарықтағы есептен 15-20%-ға төмен.

«Демалыс күндеріндегі» ауылшаруашылық жәрмеңкелері келесі мекен-жайлар бойынша өтеді:

  1. Алмалы ауданы (Гоголь - Масанчи көшесі);
  2. Бостандық ауданы («Қазақфильм» ш/а);
  3. Әуезов ауданы (Абай даңғылы - Өтеген батыр көшесіндегі қиылысы);
  4. Медеу ауданы (Меңдіқұлов - Бектұров көшелерінің қиылысы және Шевченко - Қонаев көшелерінің қиылысы).