14 маусымнан бастап ПЭТ қалдықтарын экспорттауға тыйым салынады

14 маусымнан бастап ПЭТ қалдықтарын экспорттауға тыйым салынады
Сурет: Voxpopuli.kz

ПЭТ қалдықтарына пластикалық бөтелкелер, колбалар және ұқсас өнімдер, сонымен қатар пропилен полимерлерінің пластмассаларының қалдықтары, кескіштері және сынықтары жатады.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, отандық өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз ету үшін полиэтилентерефталат (ПЭТ) қалдықтарын экспорттауға алты айға тыйым салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қайта өңделген ПЭТ шикізаты, пластикалық бөтелкелер негізінен Ресей мен Өзбекстанға жеткізіледі,

«2022 жылдың 14 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан ПЭТ қалдықтарын әкетуге тыйым салынады. Шектеу алты ай бойы күшінде болады», - делінген министрліктің дүйсенбі күні таратқан хабарламасында.

Хабарламада бұл тыйымның отандық полимер өнімдерін өндірушілерді қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында енгізілгені атап өтілген. Бұл шара қазақстандық кәсіпорындарда өндіріс көлемін арттыруға, сондай-ақ өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Алайда Қазақстан және ЕАЭО кеден заңнамасына сәйкес кедендік экспорт рәсімімен орналастырылған және шығарылған тауарлар бұйрық күшіне енген күнге дейін республика аумағынан кедергісіз әкетіледі деп сендірді министрлік.

ПЭТ қалдықтарын экспорттауға тыйым салу 2021 жылдан бері талқыланып келеді. Осылайша, Қазақстанның ораушылар қауымдастығы қазақстандық өңдеушілер қуатты пайдалануда проблемаларды бастан кешіруіне байланысты Қазақстаннан қайта өңделген ПЭТ шикізатын экспорттауға тыйым салуды сұрады.