12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

12 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Республика бойынша жел күшейеді

"Қазгидромет" синоптиктері 12 сәуір, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Республиканың басым бөлігі жоғары қысым ықпалында болады, осыған байланысты көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, батыста шаңды дауыл болады, солтүстік-батыста және орталықта тұман түседі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.