11 қалада ауа сапасы нашарлайды

11 қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

22 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 22 ақпан, бейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Тек Ақтөбе, Атырау, Алматы, Астана, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Риддер, Семей, Өскемен, Шымкент  қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.