БҮГІН – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ. Асылы ОСМАН, қоғам қайраткері: Қазағым барда – мен бармын!

БҮГІН – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ.  Асылы ОСМАН, қоғам қайраткері: Қазағым барда – мен бармын! 7-su.kz

Біздің байтақ елімізде 2016 жылдың 1 наурызынан бастап Алғыс айту күні атап өтіле бастады. Дәл осы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғандықтан, мерекенің мәні де, маңызы да тереңдей түскендей.


Алғыс айту күнін мерекелеудің тағы бір тиімді тұсы – «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мәнмәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді. Осынау жылылыққа толы Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы сонау қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білсе, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.



Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.



Еліміздегі Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтуі өте әділетті қадам болды дер едім. Бұл күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түсіп, мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесіне айналды. Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады.



Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің қазақ халқының көрсеткен мейірімділік пен ақкөңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлері күні.



Осы күні мен өзімнің туған Отаныма, туған халқыма айналған Қазақ халқына шексіз алғысымды білдіремін. «Қазағым барда – мен бармын!» деп тағы да айтқым келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37