Елордада деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды

Елордада деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды
Сурет: Inform.kz

Тінту кезінде экстремистік мазмұндағы әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында сотқа дейінгі тергеу шеңберінде деструктивті діни ағымды ұстанушылар тобын құрықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Олар Қазақстан аумағында сот шешімімен тыйым салынған діни ұйымға қатысты және экстремистік әрекет ұйымдастыру үшін адамдарды тартты деп күдіктелуде. Ұсталғандардың екеуінің жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны және ұрлық үшін сотталғандығы бар. Тұрғылықты жерлері бойынша тінту жүргізу кезінде экстремистік мазмұндағы әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу іс-қимылдары жалғасуда.