1 келі героин жұтып алған шетелдіктер ұсталды

1 келі героин жұтып алған шетелдіктер ұсталды
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға есірткі жеткізуді көздеген шетелдік азаматтар құрықталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

21 ақпанда Ақтау халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдері мен шекарашылар ЭТД қызметкерлерімен бірге есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдік азаматты ұстады.

Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іш қуысында бөгде заттың барын көрсетті.

жұтқыш

Арнайы медициналық процедура арқылы шетелдіктердің азқазанынан героин және синтетикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды.

Алынған заттың жалпы салмағы шамамен 1 кг болды.

Сот шешімімен фигуранттар қамалды.

есірткі

Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды.   

есірткі