1 қарашадан бастап орманшылардың жалақысы өсетін болды

1 қарашадан бастап орманшылардың жалақысы өсетін болды
Сурет: Ult.kz

Қостанай облысында орман алқабын қалпына келтіру жұмысы басталып кетті.

Дәл қазір күйген ағаштар кесіліп жатыр. Оталатын орманның аумағын анықтап белгілеуге 100-ге тарта адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Ал ағашты құлату, бұтағын тазалау, тасымалдау тәрізді шаруаны 63 адамнан тұратын 7 бригада атқарады. Сонымен қатар, осы жұмыстарды жедел атқару үшін 14 трактор сатып алынған, олардың қатарын әлі де көбейту жоспарланып отыр. Осы аптада оталған орманның орнына қайың көшеттері отығызылады. Ал алдағы аптада қарағай егіледі. Сонымен қатар, 1 қарашадан бастап орманшылардың жалақысы өсетінін айта кеткен жөн.