Қазақстанда 1 384 029 адам екпе алды

Қазақстанда 1 384 029 адам екпе алды
Сурет: Rbc.ru

Бұл - еліміз бойынша коронавирусқа қарсы екпенің екі компонентін де түгел салдырғандардың саны.

2021 жылғы 14 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда ковид екпесінің алғашқы компонентін 2 506 157 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал вакцинаның II компонентін де алғандардың саны 1 384 029 адамға жеткен. Екпе салу жұмысының республиканың аймақтарындағы көрсеткішін төмендегі кестеден көре аласыздар.