Қазақстан балалар Евровидениесіне қатыспақ

Қазақстан балалар Евровидениесіне қатыспақ
Сурет: Kazgazeta.kz

Байқауға 9 жастан 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатыса алады.

«Хабар» Агенттігі, Adam media және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауының Ұлттық іріктеуіне қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғанын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Балалар Евровидениесі-2021 ән байқауы 19 желтоқсан күні Париждегі (Франция) La Seine Musicale концерт залында өтеді.
Байқауға 9 жастан 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатыса алады (финал уақыты кезінде, яғни, 2021 жылдың 19 желтоқсанда, үміткердің жасы осы көрсеткіштен асып кетпеуі керек).

Қазақстан сайысқа алғашқы рет 2018 жылы қатысты. Ол кезде байқауға Данэлия Төлешова «Өзіңе сен» әнімен қатысып, алтыншы орынға ие болды. 2019 жылы Ержан Максим «Арманыңнан қалма» әнімен екінші орын алды (қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орын). 2020 жылы пандемия салдарынан балалар Евровидениесі онлайн-форматта өтті. Өткен жылдың гранд финалында «Forever» әнін орындаған Қарақат Башанова он үш қатысушының ішінде екінші орынға ие болды.