Әлем нарығында қазақстандық көмірге деген сұраныс артты

Әлем нарығында қазақстандық көмірге деген сұраныс артты
Сурет: Eenergy.media

Жыл басынан бері еліміз 23 млн тонна көмір экспорттаған

Жаңа сатып алушылар қатарында Ұлыбритания, Корея, Марокко, Үндістан, Болгария бар. Біріккен Корольдікке 192 мың тоннаға жуық көмір жөнелтілген. Ал Түркия, Польша, Өзбекстан, Швейцария, Қытай сынды мемлекеттер тапсырыс көлемін ұлғайтқан, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Қазір елімізде 34 млрд тоннаға жуық қатты отын қоры бар. Осылайша Қазақстан үздік ондыққа кіріп отыр. Отандық көмір кәсіпорындары биылғы жылдың тоғыз айында 79 млн тоннадан астам көмір өндірген. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңдегіден шамамен 1,5% көп.

«Еуропада газ бағасы өсті. Енді олар энергияның арзан түрлерін іздейді. Еуропада ғана емес, басқа да бірқатар мемлекетте көмір шахталарын қайта ашу жұмыстары жүргізілуде. Енді бізге оны қай елге және қалай сата алу жағын ойлау қажет. Бұл жерде Үкіметтің көмегі қажет. Өйткені көмір жеткізу мүмкіндіктерін іздестіру керек», - дейді Тау-кен өндіруші кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры  Николай Радостовец.