9 айда 5 адам қаза тапқан

9 айда 5 адам қаза тапқан
ru.sputnik.kz

Өлімнің себепшісі – кәдімгі электр самокат.

Алматыда 9 айдың ішінде электр самокаттарға қатысты 277 жол-көлік оқиғасы болып, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл мәліметті таратқан қалалық полиция департаментінің ақпараты бойынша, соңғы жылдары мегаполисте мопед, электр самокат, электр скутер секілді көлік құралдарын жүргізушілердің саны артқан.

Мұндай көлік түрлері қалада жүрудің ыңғайлылығы, жүргізу үшін оны тіркеу және оқудан өту, рұқсат алу қажеттілігінің болмауына байланысты танымал болды. Айту керек, электр самокаттары өте жоғары жылдамдықпен - сағатына 80 км-ге дейін жүре алады. Бірақ, заңда оған қорғаныс құралдары мен жылдамдықты шектеу шаралары қарастырылмаған.

Бұдан бұрын депутат Нұртөре Жүсіптің мұндай құрылғылардың шеттен әкелуін шектеу бойынша шаралар қабылдау керегін айтқаны туралы хабарлағанбыз.