Әкімшілік шығындардан 5,5 млрд теңге үнемделеді

Әкімшілік шығындардан 5,5 млрд теңге үнемделеді
365info.kz

«Бәйтерек» компаниясы әкімшілік шығындарды қысқартады. Нәтижесінде алдағы үш жылда 5 жарым миллиард теңге үнемделмек, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Биыл шілденің өзінде холдингтің орталық аппаратында штат саны 178 бірліктен 120-ға дейін азайтылды. Сондай-ақ 2017-2023 жылдарға арналған даму жоспарына түзету енгізілді.

Бұған дейін републикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті холдингте тексеру жүргізген еді. Нәтижесінде компанияның еншілес ұйымдарын күтіп ұстауға кеткен шығын 65 пайызға көбейгені анықталды. Яғни бұл бағытқа жыл сайын 30 миллиард теңге жұмсалған. Десе де холдинг негізгі қызметтерді алу үшін өзге ұйымдардың жалдаған. 5 жыл ішінде оларды төлеуге 20 миллиард теңгедей жұмсалыпты.

Қазір холдингке қарасты компаниялар тобын трансформациялау мәселелері қарастырылып жатыр.