Еуроодақ Қазақстанға көмек ретінде 100 миллион теңге береді

Еуроодақ Қазақстанға көмек ретінде 100 миллион теңге береді
Azattyq.org

Еуроодақ Қазақстанда қуаңшылықтан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек ретінде 200 мың еуро береді. Бұл туралы Еуроодақтың Қазақстандағы өкілі жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Теңгеге шаққанда 100 миллионнан асатын қаржы Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы 6 мың шаруаға үлестірілмек. . Бұған қоса жұртқа күннің күрт ысуы, қуаңшылық жағдайында денсаулықты күту туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Еуроодақ өкілінің айтуынша, шілденің басында елдің оңтүстігі мен батысында аптап ыстық болды. Бұл табиғи су көздерінің кеуіп кетуіне әсер еткен. Салдарынан тек қана малмен күн көріп отырған 70 мың адам зардап шекті. Оның 84 пайызы Маңғыстау облысында екен.