«Әкімдер құлқынын емес, ұлтын ойласын!»

«Әкімдер құлқынын емес, ұлтын ойласын!»
Сурет: Aikyn.kz

Ғасыр жасаған кейуана, 101 жастағы жамбылдық Жұмабүбі Ахметова әжей өз үйінде сайлауға дауыс беріп, осылай деді. 

Жамбыл облысында 101 жасқа келген әжей дауыс берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Айқын» газетіне сілтеме жасап.

Меркі ауданы, Андас батыр ауылының тұрғынына тасымалдау жәшігін сайлау комиссиясының мүшелері апарып, №297 сайлау учаскесі арқылы даусын қабылдады. Қос ғасыр көрген кейуана елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.

«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Осы жасыма келіп, дауыс беріп отырғаныма қуаныштымын. Президентіміз ауыл әкімдерін сайлау туралы Жарлық шығарғаннан кейін осы күнді асыға күттім. Міне, бүгін өз таңдауымды жасап отырмын. Құдай бұйырса, ауылға әкім болар азамат адалынан келсін деп тілеймін. Ең бастысы, құлқынын емес, ұлтын ойласын. Сонда ғана оны халық қолдайды. Ұрпағымыз әлемді жайлап жатқан кеселден аман болсын! Біз көрмеген қызықты соларға бұйыртсын!» – дейді Жұмабүбі әжей.