Ерлан ҚАРИН: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңін ашатын өте маңызды сәт

Ерлан ҚАРИН: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңін ашатын өте маңызды сәт
almaty-akshamy.kz

«Бүгін Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтуде. Бұл – Президент айтқандай, елімізде саяси жаңғырудың жаңа кезеңін ашатын өте маңызды сәт. 

Мемлекет басшысы өткен жылғы Жолдауында әкімдерді тікелей сайлау туралы бастама көтерген болатын. Нәтижесінде, оны ұсынғаннан бастап нақты іске асырылғанға дейін бір жылдан аз уақыт өтті.

Ауыл әкімдерін сайлау азаматтарға өз елді мекендерінің дамуына тікелей ықпал етуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Олар мемлекеттік басқару жүйесінің жұмыс істеуінің жаңа ұзақ мерзімді қағидаттарын қалыптастырады, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастардың сипатын сапалы түрде өзгертеді. 

Сондықтан бұл сайлау науқанының барысы азаматтар арасында үлкен қызығушылық тудырды, елдің саяси өрісін жандандыруға әкелді және жергілікті жерлерде саяси бәсекелестіктің артқанын көрсетті. Осы тұрғыдан алғанда, барлық 6 саяси партияның өз кандидаттарын ұсынғаны, көптеген өзін-өзі ұсынушылар тіркелгені де маңызды. 
Жалпы, Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған үш саяси бағыт шеңберіндегі барлық өзгерістер дәйекті түрде іс жүзінде жүзеге асырылып, қоғамның сұраныстарына сай келеді және елдің одан әрі демократиялануына ықпал етеді».