Үкімет отырысы өтеді

Үкімет отырысы өтеді
Сурет: Baribar.kz

Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары күн тәртібіндегі басты мәселе болмақ.

Сейсенбі күні, 5 қазанда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Күн тәртібінде: Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары; Каналдар мен су қоймаларын салу және реконструкциялау мәселелері.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.