Үкімет басшысы мемлекеттік шекарадағы эпидбақылауды күшейтуді тапсырды

Үкімет басшысы мемлекеттік шекарадағы эпидбақылауды күшейтуді тапсырды
baribar.kz

Үкімет басшысы Асқар Мамин мониторингтік топтардың жұмысын жандандырып, мемлекеттік шекарадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлады almaty-akshamy.kz

Дегенмен, көрші елдерде жағдайдың қиындағанын алға тартты.

Сондықтан өңірлердің, әсіресе, шекаралас өңірлердің әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етілсін. Науқастану деңгейіне нақты мониторинг жүргізу және жедел шаралар қабылдап отыру қажет. Мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру керек. Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтсін, - деді Асқар Мамин.
Сондай-ақ Премьер-Министр вакциналау деңгейіне де тоқталды.
- Қазіргі кезде барлығы 8,2 миллионнан аса адам бірінші компонентті, 7,4 миллионға жуық адам екінші компонентті алды. Вакцина егу қарқыны төмендеп отыр, оны ұлғайту қажет, әсіресе, қалып келе жатқан өңірлерге қатысты. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдері вакциналау мәселесін жеке бақылауға алсын және оның қажетті деңгейін қамтамасыз етсін, - деді Премьер-Министр.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау, Ақпарат министрліктерін халық арасында вакциналау мен ревакцинациялаудың маңыздылығы туралы, сонымен бірге денсаулықты сақтаудың жалғыз жолы - коронавирусқа қарсы екпені алу екенін түсіндіру бойынша жұмысты жалғастыру керек деп отыр.