Тараз шаһардан...

Тараз шаһардан...
polisia.kz

Тараздық полицейлер қала тұрғынынан 45 келідей есірткі тәркіледі

“Қарасора-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу-Меркі автожолынан 4 шақырым жерде орналасқан “Сарғау” құмға жақын маңдағы аймақта есірткі заттарын дайындау кезінде Тараз қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Жақын маңдағы аумақты тексеру барысында жалпы салмағы 44 келі 320 грамм “кептірілген марихуана” есірткі заты бар төрт қап табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

– Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деді облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.