Санкт-Петербургтегі музейде ТМД-ның жеті мемлекетінің басшысы кездесті

Санкт-Петербургтегі музейде ТМД-ның жеті мемлекетінің басшысы кездесті
сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Ресейге жасаған жұмыс сапарының аясында Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа музей экспонаттары мен сирек өнер туындылары көрсетілді. Сондай-ақ музейде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі өтті.