Қытайға 106 жылда жаумаған қар түсті

Қытайға 106 жылда жаумаған қар түсті
24 kz

Қытайдың солтүстік-шығысындағы боран басылмай тұр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бірнеше провинциядағы қардың қалыңдығы 50 сантимерден асқан. Кейбір аймақта температура бағаны қазірдің өзінде 16 градусқа төмендеді.

Мамандар мұндай қар соңғы 106 жылда жаумаған дейді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, табиғи апаттан 1 адам ажал құшып, ондаған тұрғын жарақат алған.

Мектептер, жолдар жабылып, жүздеген әуе рейсі кейінге шегерілді.