Қытайлық космонавт әйел алғаш рет ашық кеңістікке шықты

Қытайлық  космонавт әйел алғаш рет ашық кеңістікке шықты
Сурет: Еuroradio.fm

41 жастағы Япинның бұл ғарышқа екінші рет ұшуы.

«Шэньчжоу-13» миссиясының қатысушысы Ван Япин қытайлық астронавтика тарихындағы ғарышқа саяхат жасаған алғашқы әйел болды, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Интерфакс»-қа сілтеме жасап.  

Жексенбі күні Япин өзінің әріптесі Жай Чжиганмен бірге Қытай ұлттық ғарыш станциясынан ашық кеңістікке шыққан. Ғарыштық серуен шамамен 6 сағатқа созылған.

«Шэньчжоу-13»  экипажы орбитада алты ай болады. Қытай 2022 жылы толыққанды орбиталық станция құруды аяқтауды жоспарлап отыр.