Алматы қаласының прокуратурасында сот төрелігінің үш буынды моделін енгізу туралы айтылды

Алматы қаласының прокуратурасында сот төрелігінің үш буынды моделін енгізу туралы айтылды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының прокурорлары жыл бойы қала осы модельдің бірінші кезеңі бойынша жұмыс істеуде. Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев мегаполисте сот төрелігінің үшбуынды моделін енгізу және іске асыру нәтижелері туралы айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

2020 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында органдардың өкілеттіктерін нақты бөле отырып, қылмыстық процестің үшбуынды моделін енгізуді тапсырған болатын. Атап айтқанда, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының дамыған елдерінің үлгісі бойынша қылмыстық саланы жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес жаңғырту қажет. Нәтижесінде 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап сот төрелігінің үш буынды моделіне кезең-кезеңімен көшу басталды. Еліміздің ең ірі мегаполисі – Алматы қаласының прокуратурасында жаңа жүйенің қалай жұмыс істеп жатқаны туралы білейік.

– Берік Қуанышбекұлы, сіздер бір жылға жуық сот төрелігінің жаңа моделі аясында жұмыс істейсіздер. Оқырмандарымызды оның негізгі мақсаттарымен таныстыра отырсаңыз. 

– Иә, біз осы модельдің бірінші кезеңі бойынша бір жылға жуық жұмыс істеп келеміз. Оның негізгі мақсаты – азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғау және сотқа дейінгі тергеу сапасын жақсарту. Жауапкершілік үш буынға жүктеледі: тергеу органы, прокурор және сот. Қылмыстық қудалау органы қылмыстарды, оған қатысы бар адамдарды анықтайды, дәлелдемелер жинайды, ал біз оларға баға береміз. Егер біз заңбұзушылықтарды байқасақ, оларға ден қоямыз. Дәлелдемелер жеткілікті болған жағдайда істі сотқа жолдаймыз, ол түпкілікті үкім шығарады.

– Сот төрелігіндегі жаңа енгізілімдердің артықшылығы неде? 

– Басты ерекшелігі, прокурордың келісімінсіз процестік шешімнің заңды күші болмайды. Бекітуге және келісуге «адамды күдікті деп тану», «іс-әрекетті саралау», «құқық бұзушылықты саралау», «тергеп-тексеру мерзімдерін үзу», «істі тоқтату», «қылмыстық теріс қылық туралы хаттама» және «бұйрықтық іс жүргізу» жатады.

Бұл қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтары бұзылуы мүмкін қылмыстық істер бойынша негізгі процестік шешімдермен тығыз байланысты болып келеді. Бұрын прокурор, әдетте, оларды қылмыстық істерді қарау кезінде ғана тексерген. Яғни құқықтар бұзылған жағдайда прокурорлар «постфактум»  арқылы араласты. Қазір біз уақытында ден қоя бастадық.

Тағы бір артықшылығы – процесті цифрландыру. Барлық шешімдер электрондық форматта, «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі» жүйесінде келісіледі. Бұл ашық, ыңғайлы және уақытты үнемдейді. Құжаттарды бұрмалауға жол берілмейді.

Мұндай жүйе прокурор мен сотқа дейінгі тергеу органының жедел өзара іс-қимылын жақсартты. Сонымен қатар, бұл нақты уақыт режимінде тергеу барысын бақылауға және қадағалауға мүмкіндік береді.        

– Үшбуынды модельді енгізумен қандай нәтижелерге қол жеткізуге болады?

– Өткен кезеңде біз сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының 55 мың негізгі процестік шешімдеріне баға бердік. Күдікті деп тану және әрекетті саралау туралы 500-ден астам қаулы заңсыз деп танылды. Өткен жылы осындай 140 шешім ғана жойылған еді. Осылайша, адамдардың едәуір бөлігін қылмыстық процеске негізсіз тарту фактілерінің алдын алынды. Мұндай тәсіл азаматтардың Конституциялық құқықтарының бұзылуын 30%-ға төмендетуге де әсер етті.

Соттардың жеке қаулылары тергеу сапасының төмендігіне және органдардың іс-әрекеттеріне қатысты прокуратураға келіп түскен шағымдар санына екі есе қысқарды.

Бұл қылмыстарды ең үлкен тіркеумен қатысты жағдай. Белгілі болғандай, Алматыда республика бойынша әрбір алтыншы қылмыстық іс тергелуде, бұл бізге жаңа форматтың тиімділігі туралы көрсетуге мүмкіндік береді.

Біз үшін жаңашылдықтарды қылмыстық процеске қатысушылардың өздері оң бағалағаны маңызды. Бізге адвокаттық қоғамдастық тарапынан қылмыстық істерді тергеу сапасын жақсарту туралы пікірлер келіп түсуде. 

– Оларға тек прокурорлардың арқасында қол жеткізілді ме?

– Жоқ. Бұл әрбір құқық қорғау органының бірлескен жұмысы. Үш буынды модель осы процестің барлық буындарының жауапкершілігін арттырды. Біз мерзімінен бұрын және негізсіз шешімдерге жедел ден қоя бастадық, ал тергеу органдары оларды салмақты түрде қабылдай бастады. 

Біздің бәрімізде бір мақсат бар – ол қылмыстық процесте заңдылықты қамтамасыз ету.

Бұл модель әрі қарай қалай дамитын болады және прокурорлар бұған дайын ба?

– Модель жоспарлы түрде дамитын болады. Бірінші кезеңде ескере кеткенімдей, негізгі процестік шешімдерді келісумен ерекшеленді. Оң өзгерістер көп күттірмеді. Осындай жағдаймен біз үш буынды модельдің екінші кезеңіне жеттік.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап прокурорлар аса ауыр қылмыстар бойынша, 2023 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық бойынша, ал 2024 жылдан бастап барлық санаттар бойынша айыптау актілерін дербес жасауға тиіс.

Оқу және практикалық іс-шараларды біз қазірдің өзінде өткіздік.  Енді тергеуші тергеуді дәлелдерді бағаламай-ақ тергеу нәтижелері туралы қысқаша қорытындымен аяқтайды. Қорытынды құжат прокурордың айыптау актісі болады.

Бұл процесс прокурорлардың жиналған дәлелдемелерге тәуелсіз бағалауын күшейтуге ықпал етеді және айыпталушыны сотқа бергені үшін жауапкершілікті арттырады деп ойлаймыз.

– Әңгімеңізге рақмет!