Ауа райына байланысты бірқатар өңірге ескерту жасалды

Ауа райына байланысты бірқатар өңірге ескерту жасалды
Сурет: 24.kz

Еліміздің кей аймағында көктайғақ болып, тұман түседі.

«Қазгидромет» РМК 15 желтоқсандағы күн райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 15 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында желдің екпіні секундына 15-20 мемтрге жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі.

15 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Шымкентте кей уақытта тұман түседі. Түркістанда түннің бірінше жартысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында және орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында және орталығында екпіні 17-22 м/с жел күтіледі. Ақтауда шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.