Қазақтың қызы Сан-Ремо байқауында жүлделі болды

Қазақтың қызы Сан-Ремо байқауында жүлделі болды
Сурет: Matritca.kz

10 жастағы вокалист әрі скрипкашы байқау финалында Fairytale композициясын оркестрмен бірге орындады.

Әмина Арыстанбек Италияда өткен әйгілі халықаралық Sanremo Junior-2021 балалар байқауында екінші орын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сонымен қатар Украинадағы Балалар Евровидениесі Академиясының халықаралық байқауының финалына қонақ ретінде шақырылды. Арнайы шақырту сыйлығын «Evrovision Junior» ән байқауының директоры Влад Багинский тапсырды. Аталған конкурс осы жылдың 30 қазанында Киев қаласында өтеді.