Президент Тоқаев Қазақстан футболшыларын жеңісімен құттықтады

Президент Тоқаев Қазақстан футболшыларын жеңісімен құттықтады
Сурет: Orda.kz

Отандық футболдың зор жетістігі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан футбол құрамасын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!» - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында. 

Еске сала кетейік, Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын жеңіп, UEFA Ұлттар лигасының В дивизионына жолдама алды.