Президент Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

Президент Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді
Inform.kz

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барғаны жайында жазды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


«Мемлекет басшысы Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады. Сонымен қатар «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған өңірін әлеуметтік тұрғыдан дамыту және оның минералдық шикізат базасын кеңейту жөніндегі жоспарымен танысады. Бұдан бөлек Президент дарынды балаларға арналған, мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына және Ұлытау ауданындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барады», - делінген хабарламада.