Қазақстанның мәдениет қызметкері халықаралық ANADOLU сыйлығын иеленді

Қазақстанның мәдениет қызметкері халықаралық ANADOLU сыйлығын иеленді
Сурет: Egemen.kz

Биыл халықаралық ANADOLU театр сыйлығы жетінші рет беріліп отыр

Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының директоры Гүлсина Мерғалиева Қазақстан театр өнері қайраткерлерінің арасында алғашқы болып ТҮРКСОЙдың халықаралық ANADOLU театр сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Маңғыстау медиа» сайты марапатты табыстау шарасы Ыстамбұлдың Су Гестери Санатлары сахнасында болғаны жайлы жазған. Шараға Түркияның 27 қаласынан және 10 шетелден келген театр қайраткерлері бас қосты.

Биыл халықаралық ANADOLU театр сыйлығы жетінші рет беріліп отыр. Қазылар алқасы алдымен 2019-2021 жылдар аралығындағы түрік және шетел театр өнерінің даму көрсеткіштерін саралаған. Осылайша белсенді шығармашылық ізденісі және іскер ұйымдастырушылық қызметі, түркі әлемінің театр кеңістігіне үлес қосқан мәдениет қызметкерлерін таңдаған.