Қызылша қан қысымын түсіреді

Қызылша қан қысымын түсіреді
Сурет: East-fruit.com

Нутрициолог: қызылша қан қысымын түрсіріп, бауырды нығайтады

Нутрициолог қызылшаны қалай тұтыну керектігі жөнінде айтты. Кейбір аурулармен күресте қызылша - пайдасы мол әмбебап көкөніс. Оның құрамында қатерлі түзілістердің өсуін баяулататын күшті антиоксидант – бетацианин пигменті бар. Қызылша артериалды қан қысымын түсіріп, тамырларды нығайтып, ағзадағы артық сұйықтықты шығаруға көмектесіп, бауырдың жұмысын жақсартады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі 360tv.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ресейлік нутрициолог Анна Дробышева айтты.

Сонымен бірге, нутрициологтың айтуынша, піскен қызылша кальцийдің толықтай сіңуіне кедергі жасайды. Сондықтан остеопарозға бейім адамдарға оны қолданудан бас тартқан жөн.

Қызылша шырынының да пайдасы мол, бірақ оны сығып алғаннан кейін екі сағат қойып қою керек. Сондай –ақ, шырынның 50 миллилитрін 1:4 ара қатынасында сумен араластыру керек.

Нутрициологтың сөзінше, қызылшаны асқазан-ішек жолы ауруларының асқынған кезеңдерінде, қант диабеті кезінде және гипотонияда қолдануға болмайды.