Қазақстанның үш аймағы «жасылдан» «сарыға» өтті

Қазақстанның үш аймағы «жасылдан» «сарыға» өтті
Сурет: Bigpicture.ru

Ал Алматыда эпидахуал нашарлап тұрғанын алдыңғы жаңалықтарымызда хабарлағанбыз.

Еліміздің аймақтарындағы  коронавирус көрсеткіші бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында үш өңірдің  «жасылдан» «сары» аймаққа өткендігі жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары тұр.

«Жасыл» аймаққа: Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары енген.


Жалпы, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр. Айта кетейік, 27 маусымда «сары» аймақта Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары орналасқан болатын.