Облыс тұрғындарының назарына!

Облыс тұрғындарының назарына!
Сурет: Gov.kz.

Облыс тұрғындарының назарына!

Соңғы күндері республикада КВИ жұқтырған адамдардың өсуі байқалады. Алматы облысында, жалпы республика бойынша COVID-19 ауруының көтерілуінің негізгі себебі мутацияланған штамдардың жалғасуы және инфекцияның тез таралуына себеп «дельта» жаңа неғұрлым агрессивті штамының пайда болуымен байланысты.

Облыс тұрғындардың бетперделік және қашықтық режимін сақтамауы, халықтың вакцинация алуға немқұрайлы қарауы салдарынан, өңірде R санының (жұқтыру көрсеткіші) 0,8-ден 1,0-ге дейін өсуінің басты себеп болып отыр.

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шектеу шараларын күшейту туралы қаулысы дайындалуда.