Қазақстандық дзюдо ардагері әлем чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдо ардагері әлем чемпионы атанды
Сурет: Egemen.kz

Португалияда дзюдодан ардагерлер арасында әлем біріншілігі өтуде


Бұл жарыста 81 келі салмақ дәрежесінде алтын медальді отандасымыз Нәсіпқұл Тыныбаев жеңіп алды, Almaty-akshamy.kz

61 жастағы қарағандылық спортшы әлем чемпионатының финалында австриялық Курт Рейнхольдты жеңді.

Айта кетсек, Нәсыпқұл Амантайұлы барлық жекпе-жегін, алдын ала кездесулерді қоса алғанда, таза «иппонмен» жеңіп алды. Бірінші орыннан басқа Тыныбаев 2022 жылдың мамыр айында Жапонияда өтетін ардагерлер арасындағы Олимпиадаға жолдама алды.