Қазақстанда вирустарды генетикалық зерттеу жүргізіліп жатыр

Қазақстанда вирустарды генетикалық зерттеу жүргізіліп жатыр
trv-science.ru

Қазақстанда коронавирустың қандай штамдары тіркелгендігі жайында генетикалық зерттеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Министрлік вирустың елге кірген жағдайы мен мутациялық өзгеруіне мониторингті қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде вирустарды генетикалық зерттеу жүргізіліп жатыр», - деді Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, 2020-2021 жылдары 1407 сынама зерттелді. Осының нәтижесінде наурызда «британдық» Alpha штамм, «оңтүстікафрикалық» Beta штамм, маусымда «үнділік» Delta штамм, тамызда «нигериялық» Eta штамм анықталды.

«SARS-CoV-2 вирусының түрлі нұсқаларының таралуын анықтау мен мониторингілеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді министр.