Отандық білім беру саласында 18 мыңнан астам маман жетіспейді

Отандық білім беру саласында 18 мыңнан астам маман жетіспейді
Сурет: Ult.kz

Еліміздің білім беру саласында мамандар тапшылығы байқалады

Мектептер мен колледждерде және жоғары оқу орындарында білікті кадрлардың жетіспеушілігі дәстүрлі оқу форматына қайта оралғаннан кейін байқалды. Әсіресе, дене шынықтыру мен спорт мұғалімдері жетіспей жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының дерегі бойынша, Электрондық еңбек биржасында өткен айда кәсіпорындар шамамен 138 мың бос жұмыс орнын ұсынған. Ал жұмыс іздеп жүргендер тарапынан 62 мыңнан астам түйіндеме қабылданған.

Еңбек нарығында қазандық операторлары мен машинистеріне және от жағушыларға сұраныс көп. Бұл мамандық иелеріне 3 мыңнан астам бос орын бар. Сондай-ақ заңгерлер мен қаржыгерлер де тапшы.

Айта кетсек, үміткерлер арасында бәсекелестік жоғары. Мәселен, қаржы саласының мамандарына арналған 24 бос орынға 238 түйіндеме берілген.